«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Түркияда Ахмет Байтұрсынұлына ескерткіш орнатылды

Түркияда Ахмет Байтұрсынұлына ескерткіш орнатылды

Анадолыда ұлт ұстазы ұлықталып, саябақтарының біріне Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілді. Ескерткіші бой көтерді.

Анкарадағы салтанатты рәсімге түріктің қоғам қайраткерлері, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Саябақтың аумағы 8 мың шаршы метр, оған 150-ден астам ағаш егілген. Тұрғындардың демалуына да бар жағдай жасалған.

Саябақ пен ескерткіштің ашылуы Қазақстанның Түркиядағы елшілігі, Астана әкімдігі мен Етимесгут муниципалитетінің ұйытқысымен жүзеге асты.

Ахмет Байтұрсынұлын бейнелеген мүсіннің авторлары Айдос Бүркітбаев пен Тимур Ермұхаметов. Ескерткіштің биіктігі 2,5, тұғыры 1,5 метр.

Ұйымдастырушылар ұлт ұстазының мүсінін ондаған ұсыныстың ішінен таңдапты. Авторлар туындыны тегін жасаған. Бұл Алаш арысының алдындағы борышымыз дейді, шеберлер.

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы Түркияда кең көлемде атап өтілді. Ұлт көшбасшысының өмірі мен шығармашылығына арналған конференциялар өтіп, бірнеше кітабы түрік тіліне аударылды.

Автор
Нұрсұлтан