KZNEWS.KZ
Әлем

Түркиялық мұнай танкеріне ұшқышсыз аппараттар шабуыл жасады

• Айгерім Асылова
RF Investigative Committee/Global Look Press

Босфор бұғазынан 24 шақырым жерде түркиялық компанияға тиесілі мұнай танкеріне ұшқышсыз ұшу аппараттары шабуыл жасады, деп хабарлайды kznews.kz.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, танкер Ресейден 140 мың тонна мұнай тасымалдап келе жатқан. Шабуыл салдарынан кеменің палубасы мен қозғалтқыш бөлімі зақымданған.

Кемеде 27 экипаж мүшесі болған, олардың барлығы Түркия азаматтары. Зардап шеккендер жоқ.

Marinetraffic сервисінің дерегіне сәйкес, танкер Новороссийскіден Ыстамбұлға бағыт алған.

Оқиға орнына жағалау күзеті мен төтенше қызметтер жеткен. Ұшқышсыз аппараттардың кімге тиесілі екені әзірге белгісіз. Түркия билігі бұл жағдайға қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.

Айгерім Асылова
Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →