Астанада Перизат Қайратпен байланысы бар құрылыс компаниясының басшысы қамауға алынды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Түркия өткізбей қойды: Израиль президенті Қазақстанға 8 сағат кешігіп жетті

Түркия өткізбей қойды: Израиль президенті Қазақстанға 8 сағат кешігіп жетті
kznews.kz коллажы

Израиль президенті Ицхак Герцог мінген ұшақ Қазақстанға жету үшін әдеттегі бағыттан ауытқып, шамамен сегіз сағатқа ұзақ жолмен ұшуға мәжбүр болды. Бұған Түркия әуе кеңістігі арқылы ұшуға рұқсат берілмегені себеп болған. Бұл туралы Израиль және түрік басылымдары хабарлады, деп жазады kznews.kz.

Израильдік Maariv газетінің жазуынша, ұшақ Түркияны айналып өтіп, Еуропа мен Ресей аумағы арқылы бағыт алған. Басылым бұл шешімді Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанның ұстанымымен байланыстырған.

Сондай-ақ мақалада бұл сапар Қазақстанның Авраам келісіміне қосылғанынан шамамен бес ай өткен соң ұйымдастырылғаны атап өтіледі.

Айта кетейік, Maariv басылымы бұл жағдайды сипаттауда «Ердоғанның кесірі» деген тіркесті тақырыпқа шығарған.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер