Қазақстан Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха туристік полиция қызметкерлерінің жұмыстан шығарылуына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды kznews.kz.
Осыдан кейін тәртіптік комиссия әйелдердің әрекетін қызметтік әдеп талаптарына қайшы деп бағалап, оларды жұмыстан босату туралы шешім қабылдаған.
Игорь Лепеханың айтуынша, полиция қызметкерлері азаматтармен ашық қарым-қатынаста болуы керек. Алайда олардың кез келген әрекеті қызметтік талаптарға сәйкес келуі тиіс.
«Мүмкін, біз консервативті адамдар шығармыз. Бірақ полиция қызметкері өзін бұлай ұстауға болмайды деп есептейміз», – деді министрдің орынбасары.
Сонымен қатар ол полицияның «адамға жақын» болуы маңызды екенін атап өтті. Қызметкерлер азаматтардың қажеттілігін көріп, оларға дер кезінде жауап беруі керек.
«Ал егер біз сол жерде билеп, ән айтып жүретін болсақ, оның реті болмас еді», – деді Игорь Лепеха.