Пікірталас барысында жағдай парламенттік емес сипатқа ие болып, соңы жанжалға айналды. Депутаттар бір-біріне жұдырық ала жүгірді.
Парламенттік шайқастың нәтижесінде депутаттардың бірі ауыр жарақат алып, ауруханаға бас жарақатымен жеткізілді.
БАҚ-тың хабарлауынша, түрік Парламентінде төбелес бұрын-соңды да болған. Мәселен, 2020 жылдың наурыз айында оппозиция өкілдерінің Ердоғанға қарсы айтқан сөздері жанжалға себеп болды.
[video width="624" height="288" mp4="https://kznews.kz/wp-content/uploads/2022/12/VID_20221207_102146_435.mp4"][/video]
Ақпарат, фото: http://t.me/orda_kz