Атырауда қайғылы оқиға орын алып, 58 жастағы мұғалім қаза тапты, деп хабарлайды kznews.kz.
Алдын ала мәліметке сәйкес, оқиға 16 наурызға қараған түні болған. Сағат шамамен 03:30 кезінде полицияға тұрмыстық жанжал салдарынан әйел адамның көз жұмғаны туралы хабар түскен.
Құқық қорғау органдары бұл дерек бойынша "Адам өлтіру" бабы негізінде қылмыстық іс тіркеп, сотқа дейінгі тергеуді бастаған.
Полицияның мәліметінше, 62 жастағы күдікті ұсталып, бөлімшеге жеткізілген. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Марқұм әйел қаладағы мектептердің бірінде бастауыш сынып мұғалімі болып еңбек еткен. Ол педагогика саласында тәжірибелі маман ретінде танылып, бұған дейін мектеп директорының орынбасары қызметін де атқарған.
Тергеу мүддесіне байланысты басқа мәліметтер әзірге жария етілмейді.