Жер сілкінісінің есептік қарқындылығы екі балды құрады.
6 желтоқсанда сағат 02:04-те ҚР ТЖМ "Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС-ның сейсмикалық станциялар желісімен жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды kznews.kz.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 565 шақырым қашықтықта Өзбекстан территориясында орналасқан. Тараз және Шымкент қалаларында жер сілкінісінің есептік қарқындылығы екі балды құрады.
ҚР ТЖМ "Қазселденқорғау" ММ мамандары өзен арналарын, гидротехникалық құрылыстарды, көшкін және сел қаупі бар учаскелерді тексеру бойынша мониторинг жүргізді.
"Сондай-ақ, тіршілікке маңызды нысандарда ықтимал зақым немесе бүлінулердің бар-жоғына шолу жүргізіліп, тексерілді", делінген хабарламада.
Тексеру нәтижелері бойынша зақымдану немесе бүлінулер анықталған жоқ, қазіргі уақытта аталған нысандар штаттық режимде жұмыс істеп тұр.