Қазгидромет 25 наурызға ауа райы ескертуін жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.
Синоптиктер мәліметінше, еліміздің бірнеше өңірінде тұман, көктайғақ, күшейген жел, жаңбыр, найзағай және шаңды дауыл күтіледі.
Тұман Ұлытау, Қарағанды, Жетісу, Абай, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының кей аумақтарында болады. Сондай-ақ Қарағанды, Тараз, Өскемен, Орал, Петропавл, Ақтау және Астанада түнде не таңертең тұман күтіледі.
Жолдарда көктайғақ Ақмола облысында және Астанада болжанып отыр.
Жаңбыр мен найзағай Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, сондай-ақ Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында күтіледі. Атырау қаласында түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Күшейген жел Атырау, Жетісу, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында болжанады. Кей жерлерде жел екпіні 15-20 м/с, ал Жетісу мен Жамбыл облыстарында 23-28 м/с-қа дейін жетеді. Таразда желдің екпіні кей уақытта 23 м/с болады.
Шаңды дауыл Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, Қызылорда облысының шығысы мен орталығында күтіледі. Қызылорда қаласында күндіз шаңды дауыл болжанып отыр.
Алакөл көлдері ауданында солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с болады.