Ақтау - Жетібай бағытындағы тас жолда Toyota Hiace автокөлігі түйемен соқтығысқан. Расталмаған мәліметтерге сәйкес, апат салдарынан 19 жастағы жігіт қайтыс болған деп хабарлайды "Ладаға" сілтеме жасаған NUR.KZ.
Фото: lada.kz
Болжам бойынша, жол апаты 22 қарашада түнгі уақытта болған. Шағын автобус түйемен соқтығысқан.
Қатты соққы салдарынан көліктің алдыңғы жағы қатты зақымданып, жануар салон ішіне кіріп кеткен.
Фото: lada.kz
Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға орнында бір жолаушы қайтыс болған. Ол 19 жастағы жігіт болып шықты. Тағы екі зардап шеккен адам Жетібай ауруханасына жеткізілген.
Фото: lada.kz