Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыдағы жантүршігерлік жол апаты: аман қалған актрисаның жағдайы белгілі болды

Алматыдағы жантүршігерлік жол апаты: аман қалған актрисаның жағдайы белгілі болды

Айзада Сатыбалдиеваның жағдайы тұрақты бірақ ауыр.

Алматыда үш адамның өмірін қиған жол апатынан аман қалған актриса Айзада Сатыбалдиева әлі жансақтау бөлімінде жатыр.

Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі Айзада Сатыбалдиеваның апат орнынан қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына өте ауыр хәлде жеткізілгенін хабарлады. 

«Ол жансақтау бөліміне жатқызылды. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты бірақ ауыр деп бағалап отыр. Қазіргі таңда интенсивті терапия бойынша шаралар жүргізілуде», — деп мәлімдеді баспасөз қызметінен. 

Еске сала кетсек, 29 желтоқсан күні Алматыда жантүршігерлік жол апаты болып, үш адам қаза болды. Көз жұмғандардың арасында театр және кино әртісі Шолпан Елгезекова бар. Ал тағы бір актриса Айзада Сатыбалдиева жол апатынан аман қалған. 

Куәгерлердің айтуынша, Gelandewagen көлігі «қызылға» өтіп кетіп, актрисалар отырған көлікпен соқтығысқан.

Дереккөз: sputniknews.kz

Автор
Мадияр