Шикізат шырмауынан шығуға жанталас: агроөнеркәсіп кешенінің дамуына не кедергі?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Туған жерден топырақ бұйырмады": Елге танымал тележүргізуші ауыр дерттен көз жұмды (ФОТО)

"Туған жерден топырақ бұйырмады": Елге танымал тележүргізуші ауыр дерттен көз жұмды (ФОТО)
ашық дереккөзден

Пианист, композитор, актер әрі тележүргізуші Левон Оганезов 13 желтоқсанда ұзаққа созылған онкологиялық дерттен кейін өмірден өтті, деп хабарлайды kznews.kz.

Марқұммен қоштасу рәсімі 16 желтоқсанда Нью-Йорк қаласында өтеді. Ол Кенсико зиратына жерленеді.

Левон (Леонтий) Оганезов 1940 жылдың 25 желтоқсанында Мәскеуде дүниеге келген. Музыкаға қызығушылығы төрт жасынан басталып, кейін Орталық музыка мектебінде білім алды. Сондай-ақ ол Ипполитов-Иванов атындағы музыкалық училищені тәмамдап, фортепиано бойынша түрлі байқаулардың бірнеше мәрте жеңімпазы атанды.

18 жасында Левон Оганезов концерттік сахнада тұңғыш рет өнер көрсетіп, Колонналы залда өткен концертте сырқаттанып қалған пианист Наум Вальтердің орнын басқан. Шығармашылық жолында ол Клавдия Шульженко, Капитолина Лазаренко, Иосиф Кобзон сынды танымал өнер иелеріне аккомпаниатор болды.

Сонымен қатар ол «Ақ тотықұс» клубы, «Рояль төңірегіндегі әбігер», «Игорь Угольниковпен қайырлы кеш» сияқты кең танымал телебағдарламалардың жүргізушісі ретінде көрерменге танылды. Левон Оганезов Сатира театрында қызмет атқарып, Эльдар Рязановтың «Жатын бөлменің кілті» фильмін қоса алғанда, бірқатар кинотуындыларға түсті.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер