Reuters: Иранның Жоғарғы басшысы Әли Хаменей қаза тапты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Мұндай сұмдықтар жалғаса береді": Танымал тележүргізуші қоғамды алаңдатқан мәселені көтерді

"Мұндай сұмдықтар жалғаса береді": Танымал тележүргізуші қоғамды алаңдатқан мәселені көтерді
видеодан скриншот

Танымал тележүргізуші Дина Төлепберген желідегі парақшасында жаңа жазбасын жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.

Ол соңғы аптада жиі талқыланған Назгүл мен Құндыздың жағдайына байланысты пікір білдірді.

"Балаларды ұратын, аузы-қолын скотчтап азаптайтын әйелге балаларды қалай бергенсіздер?" деген мазмұндағы хаттар бүгін жекеме көп келді. Мен Зульфия Төленовамен 7 жыл бұрын, "Астарлы ақиқат" бағдарламасының аясында танысқанмын. Ол кезде біз балаларға уақытша пана іздегенбіз. "Тастамашы, анашым" деген бағдарламамды көргендер білетін шығар. Сол сәтте Зульфия көмек қолын созып еді. Одан кейін көп оқиға болды. Күйеуі өмірден өтті. Үйі өртенді. Тіпті 10 ай бұрын "балаларға қарайтын лайықты адам табылса, қызметімнен кетер едім" деп қоғамға жалынып еді. Бүгін тараған видеоларды көріп, менің де жүрегім ауырып отыр. Мен баланы ұруды ақтауға болмайды деп білемін. Сондықтан зорлық дәлелденіп, жазасын алуы тиіс. Алайда бұл оқиға бізге бүкіл жекеменшік қамқорлық жүйесін қайта қарау керектігін көрсетіп тұр. Реформалар қабылданбаса, мұндай сұмдықтар жалғаса береді", – деп жазды тележүргізуші.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер