Есет Байкен Ұлытау облысының әкімі болып тағайындалды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Туған күн тойлап отырған”: Алматыда жүргізуші аулада отқан адамдарды басып кетті

“Туған күн тойлап отырған”: Алматыда жүргізуші аулада отқан адамдарды басып кетті
Фото: qumash.kz инстаграм парақшасынан

Алматы облысының Қарасай ауданындағы Көксай ауылында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам ауыр жарақат алды. Mercedes-Benz маркалы автокөлік жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жеке тұрғын үйдің ауласына кіріп кетіп, сол жерде отырған адамдарды қағып кеткен, деп хабарлайды kznews.kz.

Алматы облысы Полиция департаментінің мәліметінше, көлікті басқарған 24 жастағы қыз Наурызбай батыр көшесімен келе жатқан кезде көлікті тізгіндей алмай қалған. Соның салдарынан автомобиль жол жиегінен шығып, аулада тұрған екі жаяу жүргіншіні соққан.

Жол апаты кезінде зардап шеккен екі адам жедел түрде ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлердің бақылауына алынды.

Qumash басылымының хабарлауынша, қайғылы оқиға болған сәтте аулада алты адам, оның ішінде бір бала болған. Олардың барлығы туған күнді атап өту үшін жиналған.

Туыстарының айтуынша, 40 жастағы мерейтой иесінің алған жарақаты өте ауыр болғандықтан, дәрігерлер оның аяғын кесуге мәжбүр болған. Ал 30 жастағы әйел түрлі дене жарақатын алып, бірнеше қабырғасын сындырған.

Аталған дерек бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Күдікті ретінде ұсталған жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалып, қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар әлеуметтік желілер мен оқиға куәгерлері жүргізушінің жүргізуші куәлігі болмағаны және жедел қызметтердің оқиға орнына жету уақытына қатысты түрлі мәлімет таратып жатыр. Алайда бұл ақпараттарға құқық қорғау органдары әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.