"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Трамп Венесуэла президенті мен оның жұбайы ұсталғанын мәлімдеді

Трамп Венесуэла президенті мен оның жұбайы ұсталғанын мәлімдеді

АҚШ президенті Дональд Трамп Венесуэла президенті Николас Мадуро мен оның жұбайы ұсталып, елден тысқары жерге әкетілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Трамп бұл ақпаратты Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. 

“Америка Құрама Штаттары Венесуэлаға және оның көшбасшысы президент Николас Мадуроға қарсы ауқымды операцияны сәтті жүргізді. Ол жұбайымен бірге ұсталып, ел аумағынан тысқары жерге әкетілді. Бұл операция АҚШ-тың құқық қорғау органдарымен бірлесіп жүзеге асырылды. Толығырақ ақпарат кейінірек жарияланады. Баспасөз мәслихаты бүгін жергілікті уақытпен сағат 11:00-де Мар-а-Лаго резиденциясында өтеді”, – деп жазды Трамп.

Айта кетейік, бұған дейін АҚШ-тың Венесуэла астанасы Каракасқа шабуыл жасағаны туралы жазған едік. 

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.