KZNews.kz
Саясат

Трамп Қазақстан тауарларына баж салығын 27%-ға көтерді

KZNEWS

АҚШ президенті Дональд Трамп Ақүйде өткен баспасөз мәслихатында 180-нен астам елге жаңа сауда тарифтерін енгізетінін мәлімдеді. Олардың қатарында Қазақстан және бұрынғы Кеңес Одағының басқа да мемлекеттері болғанымен, тізімде Ресей жоқ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі РБК басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Трамп осылайша шетелдік мемлекеттердің бұрын АҚШ тауарларына жоғары салықтар салғанына жауап бергенін айтты. Оның сөзінше, жаңа механизмге сәйкес, АҚШ өзіне қарсы қолданылған тарифтердің жартысына тең мөлшерде баж салығын енгізеді. “Біз енді басқалар пайдаланатын ел болғымыз келмейді. Бұл шаралар америкалық өнеркәсіп пен жұмыс орындарын қорғауға бағытталған”, – Трамп. АҚШ президенті әр түрлі елдерге арналған есептеулер көрсетілген кестені таныстырды. Кей мемлекеттерге енгізілген баж салығының мөлшері 50%-ға дейін жетеді. Айта кетеу керек, Қазақстан жоғары тарифтер енгізілген елдердің қатарында. Қазақстанға осы өңірдегі ең жоғары мөлшерлемелердің бірі – 27% белгіленді.

Алайда бұл тізімде Ресей жоқ.

ТМД елдерінен бөлек әлемнің ірі әрі дамыған нарықтары да Америка енгізген баж салығының тізімінде. Олардың тарифтерінің мөлшері мынадай:

Мақсатты тарифтерден бөлек, АҚШ барлық басқа елдер үшін 10% мөлшерінде минималды базалық салық енгізеді. Трамптың айтуынша, бұл шара америкалық экономиканы қалпына келтіруге қолдау көрсету және адал емес бәсекелестіктің алдын алу үшін қабылданған.

20 наурызда Тоқаев АҚШ конгресінің өкілдер палатасының мүшесі Кэрол Миллермен кездескен еді. Сонда мемлекет басшысы  екі ел арасындағы тауар айналымы тұрақты түрде өсіп, 4 миллиард доллардан асқанын айтты.

Бұған дейін Трамп  ресейлік мұнайға қайталама баж салығын саламын деп сес көрсеткен еді.

KZNEWS
Автордың басқа материалдары