Әлем

"Трамп ауыр дертке шалдығып, Украина тарихи жеңіске жетеді": 2026 жылы не болады? (ВИДЕО)

Қайсар Қанат Қайсар Қанат
"Трамп ауыр дертке шалдығып, Украина тарихи жеңіске жетеді": 2026 жылы не болады? (ВИДЕО)
EPA/Shutterstock

Перу елінде шамандар тобы теңіз жағасында арнайы рәсім өткізіп, 2026 жылы не болатыны жөнінде болжамдарын жариялады. Бұл туралы Associated Press хабарлады.

Рәсім алдында шамандар табиғи галлюциногендік заттарды қолданған. Олар ұлттық музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен ерекше билер билеп, қолдарына әлемдік көшбасшылардың портреттерін ұстаған. Сол суреттердің үстінен қылыштарды айқастырып, хош иісті түтін жаққан, кейбірін тіпті аяқпен таптаған.

Шамандардың айтуынша, 2026 жылы Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс әрі қарай жалғасуы мүмкін, сондай-ақ басқа да жаһандық соғыстардың өршу қаупі бар. Бұдан бөлек, олар АҚШ президенті Дональд Трамп үшін үрейлі болжам айтты: шамандардың сенімінше, ол 2026 жылы ауыр дертке шалдығуы ықтимал. Осыған байланысты АҚШ билігін сақ болуға шақырды.

Сонымен қатар шамандар Венесуэланың қазіргі президенті Николас Мадуро қызметінен кетеді деп болжады. Ал Перуде 2026 жылғы президент сайлауында Кейко София Фухимори Игучи жеңіске жетеді деген болжам жасалды. Ол – бұрынғы президент Альберто Фухиморидің қызы және бұған дейін бұл қызметке үш рет үміткер болған.

Алайда перулік шамандардың болжамдарының дәлдігі көпшіліктің күмәнін тудырады. Мәселен, 2024 жылдың соңында олар Израиль мен Газа секторы арасында ядролық соғыс болады деп болжаған, бірақ бұл болжам жүзеге аспады. Дегенмен, 2023 жылдың желтоқсанында шамандар Альберто Фухиморидің түрмеде көз жұмбайтынын алдын ала айтқан еді.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz