«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Төтенше жағдай кезінде той-томалақ ұйымдастырған азаматқа 26 510 теңгелік айыппұл салынды - Қазақстан жаңалықтары

Төтенше жағдай кезінде той-томалақ ұйымдастырған азаматқа 26 510 теңгелік айыппұл салынды - Қазақстан жаңалықтары

Президенттің үкіміне қарамастан үй ауласында той жасаған азамат бар-жоғы 26 510 теңгелік айыппұл арқалады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Әлеуметтік желілерде төтенше жағдай кезінде қонақ шақырып, дастарқан жайылған мерекелік отырыс түсірілген видео әлемуеттік желіде жаппай тарай бастаған еді. 

Той-томалаққа тыйым салынғанына қарамастан үйінде сауық-сайран құрған азаматқа қатысты әкімшілік іс ҚР ӘҚБтК 476-бабының 3-бөлігімен қаралған.

Бұл туралы Түркістан қаласының мамандандырылған әкімшілік соты мәлімдеді. 

«Сотта М. өз кінәсін толық мойындап, істеген ісіне өкінетінін айтқан. Соттың қаулысымен М. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзу туралы кодексінің 476-бабы 3-бөлігінде көрсетілген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 26 510 теңге айыппұл салынды. Сот қаулысы заңды күшіне енбеген», - делінген ресми хабарламада. .

[embed]https://www.youtube.com/watch?v=Mn4v6IYLsVo[/embed]


stan.kz
Автор
Нұрсұлтан