Желіде ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпарат тарады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

«Торттың салмағы – 120 келі»: Баян Мақсатқызының күйеуі Тұрсен Алагөзов 55 жасын дүркіретіп атап өтті

«Торттың салмағы – 120 келі»: Баян Мақсатқызының күйеуі Тұрсен Алагөзов 55 жасын дүркіретіп атап өтті

Танымал продюсер Баян Мақсатқызының күйеуі, меценат Тұрсен Алагөзов 55 жасқа толды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, кәсіпкер жаңа жасын жақындарымен қарсы алды. Сондай-ақ кешке отандық шоу-бизнес өкілдері, Raim мен Ерке Есмахан, Динара Сәтжан, Дильназ Ахмадиева, Тамара Асар секілді жұлдыздар шақырылған.

“Макси күйеу! Макси әке! Макси ұл! Макси бастық! Макси еркек! Туған күніңмен, – деп жазды Баян Алагөзова.

Желі қолданушыларының назарын аударған туған күн иесіне арналған торт еді. Сусын өндіретін кәсіпкер тортты да соған сай безендірген.
“Салмағы – 120 келі. Біздің үлкен уайымымыз болды. Қалай шығады, қалай жетеді деп қатты толқыдық. Ұқсай ма, қалай?”, – деп жазды торт жасаған кәсіп иесі.

Алайда оқырман қауым ысырапшылдыққа жол берді деп танымал отбасыны сынады.
“120 келі торт дегенге сену қиын”, “Недеген астамшылық”, “Мүмкін 12 келі шығар?!”, “Той мәдениеті осылай қалыптасуы керек”, “Барлық қыз-келіншекке күйеуінің туған күнін тойлауды нәсіп етсін”, – деп жазды көпшілік.
Автор
KZNEWS

Қазақстан және әлем жаңалықтары