Freedom Finance-тың бұрынғы топ-менеджері ҚазТАГ-тан жеңіліп қалды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Төрт көзіміз түгел": Гүлзира Айдарбекова отбасылық басқосуы туралы тебірене жазды

"Төрт көзіміз түгел": Гүлзира Айдарбекова отбасылық басқосуы туралы тебірене жазды
ашық дереккөзден

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыз Абдукәрімованы және оның ата-анасын арнайы қонаққа шақырып, шаңырағында жылы ықыласпен қарсы алды, деп хабарлайды kznews.kz.

Отбасы мүшелері бір дастарқан басына жиналып, емен-жарқын әңгімелесіп, көптен бері бірге болмаған сәттің қуанышын бөлісті. Кеш барысында әулет мүшелері естелік суреттерге түсіп, бір-біріне жылы лебіздерін білдірді.

Гүлзира Айдарбекова бұл кездесудің ерекше мәнге ие болғанын әлеуметтік желіде де атап өтті.
«Бүгін бала-шағамыз Мальдив аралдарынан демалыстан оралып, басымыз қосылып, мерекеге айналды. Төрт көзіміз түгел, аман-есен жүздесудің өзі — үлкен бақыт. Көпшілік көріп жүрген күлкі — шындықтың бір ғана қыры. Қалғанын өмірдің өзі көрсетеді. Өмір кейде тыныштық арқылы сынайды. Түсінген жанға осының өзі жеткілікті…», — деп жазды продюсер.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер