Ақталмақ болған Шалқардың бұрынғы әкімі алаяққа 4 миллион теңге берген
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Төрге шығарып, Әлішердің дастарханына отырғызбаймын”: Алтынай Жорабаева қыздарының Сәбит Әбдіхалықовтан әбден көңілі қалғандарын айтты

“Төрге шығарып, Әлішердің дастарханына отырғызбаймын”: Алтынай Жорабаева қыздарының Сәбит Әбдіхалықовтан әбден көңілі қалғандарын айтты
Коллаж Democrat.kz, ЖИ

Әнші Алтынай Жорабаева бұрынғы жұбайы, актер Сәбит Әбдіхалықовтың не себепті үлкен қызының ұзату тойына қатыспағанына қатысты алғаш рет ашық пікір білдірді. Бұл туралы ол сұхбат барысында айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Өнер иесінің сөзінше, бұрынғы жұбайы қыздарымен тұрақты байланыс орнатпағандықтан, олардың арақатынасы уақыт өте келе алыстап кеткен. Ал қазіргі жолдасы Әлішердің қыздарына әкелік қамқорлық танытып, әке мейірімін аямағанын ерекше атап өтті.

«Басында қыздар әкесінің жағдайын сұрап, барып жүрді. Бірақ адам өзі іздемесе, хабарласпаса, қайта-қайта барудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Кейін мен тұрмысқа шыққан соң Әлішер қыздарыма сондай әкелік мейірім көрсетті. Бір жыл өтпей-ақ қыздардың өзі "Сізді "папа" деп айтсақ бола ма?" деп сұрады. Олар әкелік жылулықты дәл Әлішерден сезінгендерін айтты», – деді әнші.

Алтынай Жорабаева балаларына ешқашан әкелерімен араласпау туралы талап қоймағанын жеткізді. Оның айтуынша, бұл шешімді қыздарының өзі қабылдаған.

Сондай-ақ ол әлеуметтік желіде көпшіліктің «Сәбит Әбдіхалықов неге тойға келмеді?» деген сауалына да жауап берді.

«Барлық дайындықты, барлық жауапкершілікті Әлішер көтеріп жүргенде, тек биологиялық әкесі болғаны үшін оны төрге шығарып, Әлішердің дастарханына отырғыза алмаймын. Мен үшін ең маңыздысы – жолдасымның сезімі. Егер ол балаларына қамқорлық танытып, үнемі хабарласып тұрса, ал мен араластырмай қойсам, онда кінә менен болар еді. Бірақ ондай жағдай жоқ», – деді ол.

Әншінің айтуынша, қыздары да әкелерінің өздеріне салқын қарым-қатынасын сезінген. Сондықтан олар өздері баруға ниет білдірмейтінін жеткізген.

Сонымен бірге өнер иесі бұрынғы жұбайына ешқандай өкпесі жоқ екенін айтты. Оның сөзінше, ол қайта шаңырақ көтергенде де ақ тілегін арнап, бақыт тілеген.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.