KZNEWS.KZ
Спорт

Төрехан Сабырхан Қытай боксшысын 3 рет нокдаунға түсіріп, финалға өтті

• Асқар Алтайұлы
Фото: Қазақстан бокс федерациясы

70 келіге дейінгі салмақта бәсекеге түскен қазақстандық боксшы, әлем чемпионы Төрехан Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалында Қытай өкілі Пэйчэн Ванды жеңді, деп хабарлайды kznews.kz.

Төрехан Сабырхан бірінші раундта-ақ қарсыласын жойқын нокдаунға жіберді. Ал екінші раундта тағы екі мәрте нокдаунға түсірді. Нәтижесінде төреші қытайлық боксшыға нокаут санап, жекпе-жекті мерзімінен бұрын тоқтатты.

Еске салайық, бүгін чемпионаттың таңғы сессиясында Төреханның ағасы Махмұд Сабырхан күтпеген жерден моңғолиялық Хархүү Билгуунсайханға есе жіберіп, қола жүлдемен шектелді. Сондай-ақ Қазақстан құрамасының тағы бір өкілі Ертуған Зейнуллинов та қола медаль иеленді.

Төрехан Сабырханнан бөлек финалға Бақыт Сейдіш, Надежда Рябец және Дина Исламбекова жолдама алды.

Асқар Алтайұлы
Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.
Автордың басқа материалдары →