Тоқаев сынаған мәселе: Әлеуметтік төлемдерді тағайындау тәртібі қалай өзгереді?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

12 жыл күткен алтын: Төрехан Сабырхан Азия ойындарының чемпионы атанды

12 жыл күткен алтын: Төрехан Сабырхан Азия ойындарының чемпионы атанды
Фото: t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi

Төрехан Сабырхан Жапонияның Айчи–Нагоя қалаларында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды. Бұл — Қазақстан боксының Азия ойындарындағы 12 жылдық үзілістен кейінгі алғашқы алтыны.

70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық боксшы финалда Иордания өкілі З. Ишашпен кездесті. Сабырхан қарсыласын төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен 5:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды kznews.kz.

Қазақстандық боксшылар Азия ойындарында соңғы рет 2014 жылы Инчхонда чемпион атанған еді. Одан кейін Джакарта мен Ханчжоуда өткен жарыстарда ұлттық құрама алтын медаль иелене алмады.

Төрехан Сабырхан биылғы Азия ойындарына ұлттық құраманың көшбасшыларының бірі ретінде келді. Ол 2025 жылы Ливерпульде World Boxing ұйымы өткізген ересектер арасындағы алғашқы әлем чемпионатында жеңімпаз атанған. Сол жарыста Қазақстан құрамасы жеті алтын, бір күміс және екі қола медальмен жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды.

Қазақстандық боксшылар биыл да халықаралық жарыстарда табысты өнер көрсетті. Ұлттық құрама Қытайда өткен Әлем кубогының кезеңінде бес алтын медаль жеңіп алса, Испаниядағы Boxam Elite турнирінде 17 жүлдеге, соның ішінде алты алтынға ие болды.

Елімізде боксты дамытудың 2026–2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілген. Құжат жаттығу үдерісін жетілдіруді, инфрақұрылымды дамытуды, спортшыларды ғылыми және медициналық сүйемелдеуді күшейтуді, жаттықтырушылар мен төрешілердің біліктілігін арттыруды көздейді.

Қазір Қазақстанда 153 мыңнан астам адам бокспен айналысады. Барлық 20 өңірде екі мыңнан астам жаттықтырушы жұмыс істейді. Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде 39 мыңнан астам бала осы спорт түрімен шұғылданады.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.