KZNews.kz
Шоу-бизнес

Төреғали Төреәлінің қарындасы Дина Төреәлі кенже қызын қырқынан шығарып, ақ тілегін арнады

Дархан Тоқан
Фото: instagram.com/tattti_kyz

Танымал әнші Төреғали Төреәлінің кенже қарындасы, блогер Дина Төреәлі жуырда дүниеге келген үшінші сәбиі – кенже қызы Мединаны қырқынан шығарды, деп хабарлайды Kznews.kz.

Айтулы күннің безендірілуіне Дина нәзік реңк ретінде қызғылт сары түсті таңдаған. Дастарханға арнайы тапсырыспен әзірленген торт қойылып, қонақтарға тойбастар ретінде макарон тәттілері таратылған.

Блогердің айтуынша, қырқынан шығару рәсімін анасы мен ағасы Төреғалидің жары Толқын өткізген.

“Бүгін Медина қызымызды менің анашым мен жеңгеме қырқынан шығарту бұйыртыпты. Алтын қызымның әр күні тек бақытқа толы болса екен деп тілеймін. Бүгінгі айтылған жақсы тілектің бәрі қабыл болсын! Шашбауымды көтеріп жүрген жеңгеме Алла разы болсын!” – деп жазды ол.

Сондай-ақ, бұл рәсімге отбасының тек әйел мүшелері қатысқаны айтылды.

Дархан Тоқан
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →