Қостанай облысы әкімінің орынбасары ұсталды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Төреғали Төреәлі есірткіге мас күйде ұсталды (видео)

Төреғали Төреәлі есірткіге мас күйде ұсталды (видео)

Әлеуметтік желіде әнші Төреғали Төреәлі Алматыдағы көшелердің бірінде ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді. Полиция осы дерекке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды kznews.kz сайты. 

Есірткіге масайған көлік жүргізушісі полицейлерге бой бермей, оқиғаға орнынан қашпақ болды.

Оқиға бүгін болған. Жергілікті полиция қызметі мамандандырылған батальонының экипажы Майлин көшесінің бойында, солтүстік бағытта Lexus автокөлігін тоқтатады. Оның 1992 жылғы жүргізушісі өрескел қылық көрсетеді. Өзін агрессивті ұстап, полицияның заңды талаптарына бағынбай, тұрақта тұрған Chevrolet көлігіне зақым келтіреді. Ол оқиға орнынан қашып кетпек болады.

Патрульдік полиция қызметкерлері жүргізушінің жолын бұғаттап, ұстайды. Медициналық тексеруге алып барады. Сараптама нәтижесінде жүргізушінің есірткіге мас екендігі белгілі болады. Оған қатысты бірнеше бап, атап айтқанда ҚР ӘҚбК-нің 608-бабы 3-бөлігі, ҚР ӘҚбК-нің 613-бабы 1-бөлігі, ҚР ӘҚбК-нің 599-бабы 1-бөлігі, ҚР ӘҚбК-нің 596-бабы 3-бөлігі, ҚР ӘҚбК-нің 600-бабы 1-бөлігі және ҚР ӘҚбК-нің 230-бабы 2-бөлігі бойынша хаттамалар толтырылды.

Көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды. Өндіріс материалдары шешім шығару үшін сотқа жіберіледі.

Автор
KZNEWS

Қазақстан және әлем жаңалықтары