KZNews.kz
Экономика

Төреғали Төреәлі елде жоқ жүргізуші куәлігіне ие болды

Айжан Сыланова

Бірнеше жыл бұрын есірткіге мас күйінде рульде отырғаны үшін ұсталып, жүргізуші куәлігінен айырылған әнші Төреғали Төреәлі күтпеген тосынсыйға ие болды, деп хабарлайды kznews.kz.

Желіде тараған ақпаратқа қарағанда, Атырауда өткен концерті барысында Төреғалиға оның жүргізуші куәлігінің үлкейтілген нұсқасы әзіл ретінде сыйға тартылған. Көрермендер бұл сәтті қошеметпен қарсы алған.

Әншіге жасалған ерекше сыйлық әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланып жатыр.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →