KZNews.kz
Шоу-бизнес

Тоқаевтың кеңесшісі президенттің отставкасы туралы қауесетке жауап берді

Нұрсұлтан

Саясат

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Ерлан Қарин бұл сыбыстың шындыққа жанаспайтынын жеткізді. Қазақстандықтарды арандатушылыққа бой алдырмауға шақырды

НҰР-СҰЛТАН, 19 наурыз— Sputnik. Президент кеңесшісі Ерлан Қарин әлеуметтік желіде мемлекет басшысының отставкасына қатысты қауесет туралы пікірін айтты.

"Қазір мемлекет ауқымды жұмыс жүргізіп жатыр. Президент әкімшілігі, үкімет пен әкімдіктер - үлкен штаб. Адамдар жұмысында қонады деп айтуға болады. Сондықтан жалған ақпаратқа сенбеуге шақырамын. Өздеріңізді де, бізді де түрлі сыбыстарға байланысты жұмыстан бөлмеңіз", - деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.

Бұған дейін журналист Гүлнар Бәжкенова өзіне "президент отставкаға кететіні" туралы хабар жеткенін жазған болатын.


sputniknews.kz
Нұрсұлтан
Журналист
Автордың басқа материалдары →