"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

«Тоқаевтың ауызашары»: Талдықорған мен басқа қалаларда президент атынан ауызашар берілді

«Тоқаевтың ауызашары»: Талдықорған мен басқа қалаларда президент атынан ауызашар берілді

Талдықорғандағы мейрамханалардың бірінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан мұсылмандар үшін ауызашар өткізген, деп хабарлайды kznews.kz сайты Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде аталған ауызашардың видеосы тараған. Видеода Талдықорғандағы ең үлкен мейрамхананың залы мен жайылған дастархан көрінеді.

«Еліміздің президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша екі күн қатарынан 500 адамға арналған ауызашар өтіп жатыр», – дейді видеодағы ер адам.

Сондай-ақ мемлекет басшысының тапсырмасымен Шымкентте ауызашар өткені хабарланды.

Мемлекеттік органдар ресми түсініктеме бермеген. Алайда Талдықорған қаласының бас имамы Алмас Сағидолла бұл мәліметті растады.

«Қасиетті Рамазан айында еліміздің әр өңірінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 1000 ораза ұстаған мұсылманға ауызашар беріліп жатыр. Талдықорған қаласында 1000 адамдық мейрамхана болмағандықтан, 500 адамдық (ең үлкен) мейрамхана таңдалды. Ауызашар екі күн қатарынан өтті. Келіп, бірақ сыймай қалғандардың барлығын көшеден тамақтандырдық», – деді имам Sputnik Қазақстан-ға берген түсініктемесінде.
Автор
KZNEWS

Қазақстан және әлем жаңалықтары