KZNews.kz
Саясат

Тоқаевқа шабуыл жасауды жоспарлаған адвокат 17 жылға бас бостандығынан айырылды

KZNEWS
Қазақстан президентінің өміріне қастандық жасап, лаңкестік әрекет дайындаған бұрынғы журналист елорда алқасының адвокаты Аян Атығаев 17 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Kznews.kz ақпарат агенттігі. 

Елорданың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының хабарлауынша, іс жабық түрде өткен.

Сотталушы келесі баптар бойынша кінәлі деп танылды:


"17 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі соңғы үкім қылмыстық-атқару жүйесінің қатаң режимдегі мекемелерінде өтеуге тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ", - деді сот.

Аян Атығаев елордада 2022 жылдың қаңтарынан бастап заңгер болып жұмыс істеген. Оның лицензиясы болған. Кезінде ол "Курсив" және "Известия-Қазақстан" газеттерінде де журналист болып жұмыс істеген.

KZNEWS
Автордың басқа материалдары