Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Тоқаев Зеленскийді ұлттық мерекемен құттықтады

Тоқаев Зеленскийді ұлттық мерекемен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Украина президентіне құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Зеленскийді Украинаның ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтап, украин халқына бейбітшілік және құт-береке тіледі", – делінген Ақорданың хабарламасында.

Айта кетейік, Украинада Тәуелсіздік күні 24тамызда аталып өтеді. Дәл осы күні 1991 жылы Тәуелсіздік туралы акт қабылданып, қазіргі мемлекеттің негізі қаланған.

Еске салайық, 10 тамызда Украина президенті Владимир Зеленский Қасым-Жомарт Тоқаевқа телефон соққан еді. Әңгіме барысында Қазақстан басшысы Астананың әрдайым әділетті негізде бейбітшілік формуласының бірлескен іздестірілуін қолдайтынын, БҰҰ Жарғысын сақтау, мемлекеттердің шекарасының мызғымастығы мен аумақтық тұтастығы үшін дәйекті түрде сөз сөйлейтінін атап өтті.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.