“Әндерді жатқа біледі”: Джеки Чанның Ақтаудағы әрекеті жұртты таңдай қақтырды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Тоқаев Ұлытау облысының жаңа әкіміне бірқатар нақты тапсырма берді

Тоқаев Ұлытау облысының жаңа әкіміне бірқатар нақты тапсырма берді
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытау облысының жаңа әкімі Есет Байкенді қабылдап, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен алдағы кезеңге арналған жоспарларды қарады, деп хабарлайды kznews.kz.

Кездесу барысында Президентке облыстағы инфрақұрылымды дамыту, инвестиция тарту, өнеркәсіп әлеуетін арттыру, инженерлік желілерді жаңғырту және тұрғындарға көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің сапасын жақсарту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндалды.

Сондай-ақ өңірде жүзеге асырылуы жоспарланған басым жобалар таныстырылып, оларды іске асыруға қатысты ұсыныстар айтылды.

Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы Ұлытау облысының орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету, инвестициялық тартымдылығын күшейту және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған бірқатар нақты тапсырма берді.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.