Айбек Смадияров Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы болды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Тоқаев тұрғындардың әнұранды балконда орындауы ненің көрінісі екенін айтты

Тоқаев тұрғындардың әнұранды балконда орындауы ненің көрінісі екенін айтты

Президент карантинде отырған адамдардың шынайы ниетінің арқасында қиындықтан өтетінімізге сенім білдірді

АЛМАТЫ, 3 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың бір уақытта әнұран орындауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Елорда мен еліміздің басқа қалалары тұрғындарының әнұранымызды бірге орындауы – Отанға деген сүйіспеншіліктің көрінісі. Халқымыздың бұл әрекеті зор құрметке лайық", - деп жазды президент Twitter парақшасында.

Сондай-ақ, президент карантинде отырған адамдардың шынайы ниетінің арқасында қиындықтан өтетінімізге сенім білдірді.

"Карантинде отырған азаматтарымыздың риясыз көңілі мен шынайы ниеті бұл қиындықты бәріміз бірге еңсеретінімізге сенім ұялатады. Біз біргеміз!", - деп түйіндеді Тоқаев.

Балкондағы концерт: астаналықтар бір мезетте әнұранды қалай орындады - видео 

Айта кетейік, карантин кезінде Италияда басталған музыкалық флешмобтан қазақстандықтар да тыс қалмады. Кеше астаналықтар бір уақытта балконға шығып, әнұран айтты.  


sputniknews.kz
Автор
Еркебұлан