KZNews.kz
Саясат

Тоқаев Трамппен жеке кездескен - Көшербаев

Torgyn Abushakhman

Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен АҚШ басшысы Дональд Трамптың кездесуі туралы айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ермек Көшербаевтың сөзінше, екі ел басшылары кездескен. 

- Екеуі кездесті. Трамптың біздің президентке айтқан сөзін естідіңіздер. Мәселе сөздерде емес. Мәселе екі мемлекет басшыларының арасындағы қарым-қатынас өте жоғары бағаланып отыруында, – дейді Көшербаев. 

Журналистер Трамп әлеуметтік желідегі парақшаларында тек телефон арқылы сөйлескендерін жазғанын атап өтті. 

- Суреттерін көрмедіңіз ба? Осы сапарда болған жағдай. Трамп өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, – дейді Ермек Көшербаев. 

Еске салайық, 22 қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясы өз жұмысы басталған еді. Әлемнің 150-ден астам мемлекет және үкімет басшылары жаһандық күн тәртібіндегі ең маңызды мәселелерді талқылау үшін бір алаңға жиналды. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ мінберінде маңызды мәселелерді көтеріп, бірнеше кездесу өткізді. Соның ішінде, БҰҰ бас хатшысыменЗеленскиймен кездесті. 

Torgyn Abushakhman
Автордың басқа материалдары