Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Тоқаев шахматшы Динара Сәдуақасованы жеңісімен құттықтады

Тоқаев шахматшы Динара Сәдуақасованы жеңісімен құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шахматтан әлем чемпионатында табысты өнер көрсеткен Динара Сәдуақасованы құттықтады, деп хабарлайды президенттің баспаөз қызметі Telegram-дағы ресми арнасында.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда өтіп жатқан шахматтан әлем чемпионатында рапид бойынша күміс медаль иеленген Динара Сәдуақасованы құттықтады. Мемлекет басшысы Қазақстан шахматшыларының әлем чемпионатындағы жетістіктері еліміз үшін үлкен мақтаныш екенін атап өтті. Оның айтуынша, спортшыларымыздың халықаралық турнирлердегі әрбір жеңісі осы спорт түрімен айналысатын жастарды қанаттандырады және бұл Қазақстан шахмат мектебінің деңгейі жоғары екенін көрсетеді. Президент дарынды шахматшыға талмай еңбек етіп, жеңістен жеңіске жете беруіне тілектестік білдірді.

Сонымен қатар мемлекет басшысы Алматыда өтіп жатқан осы әлемдік сайыста жоғары нәтиже көрсеткен Жансая Әбдімәлікке де ізгі тілегін жолдады", - делінген хабарламада. Айта кетейік, осы күндері Алматыда шахматтан әлем чемпионаты өтуде. 28 желтоқсанда Динара Сәдуақасова әлем чемпионатының күміс медалін жеңіп алды.

Автор
Нұрсұлтан