KZNews.kz
Саясат

Тоқаев Рустами Эмомалиді марапаттады

Торғын Абушахман

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Маджлиси Оли Маджлиси милли төрағасын марапаттады, деп хабарлайды Kznews.kz

Ақорданың мәліметінше, мемлекет басшысы екіжақты стратегиялық серіктестікті нығайтуға өлшеусіз үлес қосқаны үшін Рустами Эмомалиді ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

Айта кетейік, осыған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Тәжікстан Маджлиси Оли Маджлиси милли төрағасы Рустами Эмомалиді қабылдағаны хабарланған болатын.

Торғын Абушахман
Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →