Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Тоқаев Ресей президентіне көңіл айтты

Тоқаев Ресей президентіне көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дағыстандағы православие шіркеуі мен синагогаға лаңкестік әрекеттер жасалып, соның салдарынан дін және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қаза болуына байланысты Ресей Президенті Владимир Путинге көңіл айтты. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.


Қазақстан Президенті құқық қорғау жүйесі арқылы жедел-іздестіру шараларын жүргізуде көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Мемлекет басшысы адамзатқа қарсы жасалған мұндай әрекетті үзілді-кесілді айыптайды, сондай-ақ, БҰҰ, ШЫҰ және басқа да беделді халықаралық ұйымдар аясында лаңкестікпен күресу үшін көпжақты ынтымақтастықты дамытуды қолдайды.

Айта кетейік, 23 маусым күні Дағыстанда белгісіз біреулер православ шіркеуі мен синагогаға шабуыл жасағаны туралы жазған едік. Кешкі уақытта Дағыстанда екі теракт жасалды. Содырлар бір уақытта Махачкала мен Дербентке шабуыл жасады. Соңғы деректерге сәйкес терракт салдарынан 15 полицей көз жұмып, 34 адам жараланды. Дағыстанда терроризмге қарсы операция режимі енгізілді.

Автор
Еркебұлан