KZNEWS.KZ
Әлем

Тоқаев Қытайдағы алапат жарылысқа байланысты Си Цзиньпинге көңіл айтты

• Айгерім Асылова
Фото: ашық деркккөзден

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды kznews.kz.

Президент жеделхатында Қытайдың Хунань өлкесіндегі пиротехникалық зауытта орын алған жарылыс салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жазған. Президент жақындарынан айырылған отбасыларға сабыр, ал жарақат алған адамдардың сауығып кетулеріне тілектестік білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, жарылыстан кемі 20 адам қаза тауып, алпыстан астам азамат жараланған.

Айгерім Асылова
Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →