Былтырғы бюджет: мемлекет қаржыны қай салаларға көбірек бөлді?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Тоқаев: «Қазіргі Парламент – Қазақстанның жаңа тарихындағы ең мықты құрамның бірі»

Тоқаев: «Қазіргі Парламент – Қазақстанның жаңа тарихындағы ең мықты құрамның бірі»
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттардың жұмысына жоғары баға беріп, қазіргі Мәжіліс пен Сенат құрамын Қазақстанның жаңа тарихындағы ең мықты шақырылымдардың бірі деп атады, деп хабарлайды kznews.kz.

Мемлекет басшысы Парламентте қабылданған әрбір заңның елдің болашағы үшін айрықша маңызға ие екенін атап өтіп, барлық шақырылым депутаттарына адал қызметі үшін алғыс білдірді.

«Мен Парламенттегі қайнаған еңбектің, онда қабылданған әрбір заңның Тәуелсіз еліміздің келешегі үшін қаншалықты маңызды екенін жақсы түсінемін. Осы тарихи сәтке орай, ұлт мүддесін бәрінен биік қойып, елге мінсіз әрі адал қызмет еткені үшін барлық шақырылымдағы Мәжіліс пен Сенат депутаттарына шынайы ризашылығымды білдіремін», – деді Президент.

Президенттің айтуынша, қазіргі депутаттар ел тарихындағы ең күрделі әрі шешуші кезеңдердің бірінде еңбек етіп, ауқымды реформаларды жүзеге асыруға елеулі үлес қосты.

«Бұл шақырылымды Қазақстанның жаңа тарихындағы ең мықты құрамның бірі деп сеніммен айтамын. Себебі сіздер мемлекетіміздің дамуындағы өте күрделі және шешуші кезеңде жұмыс істедіңіздер», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы соңғы үш жыл ішінде Парламент 300-ден астам маңызды заң қабылдағанын атап өтті. Оның ішінде елдің ұзақмерзімді дамуына негіз болатын конституциялық заңдар мен кодекстер де бар.

Президент Қазақстанда экономиканы, мемлекеттік басқару жүйесін және қоғамдық құндылықтарды жаңғырту бағытында ауқымды өзгерістер жүргізілгенін айтып, бұл реформаларды іске асыруда депутаттардың еңбегі ерекше болғанын жеткізді.

«Сіздер өздеріңізге жүктелген міндетті абыроймен атқарып шықтыңыздар. Әділетті әрі Қуатты Қазақстанды құру үшін қажырлы еңбек еттіңіздер», – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев уақыт талабына сай жаңашыл әрі батыл шешімдер қабылдаудың маңызын атап өтті.

«Дегенмен уақыт бір орында тұрмайды, зымырап өтіп жатыр. Көз ілеспес жылдамдықпен өзгеріп жатқан қазіргі кезеңде шын мәнінде жаңашыл әрі батыл қадамдар жасалуға тиіс. Бұл – заман талабы», – деді Президент.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.