Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Жақын арада жарияланады": Тоқаев бір палаталы Парламент төрағасы лауазымын өзіне дайындап жатыр деген сыбысқа жауап берді

"Жақын арада жарияланады": Тоқаев бір палаталы Парламент төрағасы лауазымын өзіне дайындап жатыр деген сыбысқа жауап берді
Фото: senate.parlam.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бір палаталы Парламент төрағасы лауазымын өзіне дайындап жатыр деген сыбысқа жауап берді, деп хабарлайды kznews.kz.

«Turkistan» газетінің бас редакторы, белгілі ақын, публицист Бауыржан Бабажанұлы кейбір сарапшылар парламенттік реформа бір ғана мақсатпен  Парламент төрағасы лауазымын мемлекеттік басқару жүйесіндегі ең басты лауазымға айналдыру үшін ғана өткізіледі деп санайды, сіз бұл лауазымды өзіңізге дайындап жатырсыз деген де сыбыс бар деп сұрақты төтесінен қойды.

"Бұл – бос әңгіме. Мұндай пікір менің саяси қағидаттарыма қайшы келеді. Мен Қазақстанның президенттік басқару үлгісіндегі мемлекет екенін бірнеше рет айттым. Осыдан 8 жыл бұрын, яғни Ақордаға келгенге дейін «Күшті Президент – Ықпалды Парламент – Есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасын жарияладым. Жеке бастың қамын күйттеп, мемлекеттік жүйені тұтастай өзгерте салу барып тұрған жауапсыздық, тіпті, адамгершілікке жатпайтын әрекет болар еді.

Еліміз үшін аса маңызды реформаның бәрі жалпыхалықтық референдумға шығарылады. Бұл жерде ешқандай астыртын ойлар жоқ. Менің ұстанымым баршаға белгілі, саяси реформалар жалғаса береді. Ұзақ мерзімге арналған жоспардың бір бөлігі әдеттегідей жақын арада жарияланады", - деді Президент «Turkistan» газетіне берген сұхбатында.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі