KZNews.kz
Саясат

Тоқаев "Қазақстан" атауын өзгертуді ұсынған елшіге сөгіс жариялады

KZNEWS

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Мысыр Араб Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісіне сөгіс жариялады, - деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілері әдеп кодексінің 9-тармағының талаптарын сақтамағаны үшін Қазақстанның Мысыр Араб Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Қайрат Қайырбекұлы Лама Шарифке сөгіс жариялады", - делінген Президеттің баспасөз қызметі хабарламасында.

Еске салайық, Қайрат Лама Шариф 2020 жылы қыркүйекте Қазақстанның Мысырдағы елшісі болып тағайындалған болатын.
KZNEWS
Автордың басқа материалдары