«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Тоқаев: Отандық бизнеске 1трл теңге бөлінді - Қазақстан жаңалықтары

Тоқаев: Отандық бизнеске 1трл теңге бөлінді - Қазақстан жаңалықтары

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық бизнесті қолдау үшін 1 триллион теңге бөлінгенін мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы президенттің Twitter-дегі парақшасында жазылды. 

"Коронавирустан зардап шеккен шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында Ұлттық банкке Қаржы нарығын реттеу агенттігімен бірлесіп, шағын және орта кәсіп иелерінің айналым капиталы үшін 8% мөлшерлеме бойынша 1 жыл мерзімге 600 млрд тг сомаға жеңілдетілген несие беруді тапсырамын", - депті Тоқаев.

Бұған қоса президент мемлекеттегі кәсіпкерлерді қолдау мақсатында қомақты қаражат бөлінгендігін алға тартты.

"Ұлттық банк қарыз алушыға қаражатты берудің нақты тәсілін ұсынуға міндетті. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын қаржыландыру көлемі артып, отандық бизнесті қолдау үшін 1 трлн теңге бөлінеді. Үкімет бұл қаражаттың мақсатқа сай игерілуіне жауап береді", - деді президент.

Еске салайық, бұған дейін Тоқаев қазақстандықтарды коронавирустан келетін қауіптерге дайын болуға шақырған еді. 


stan.kz
Автор
Нұрсұлтан