KZNEWS.KZ
Саясат

Тоқаев Нью-Йоркте Дональд Трамппен сөйлесті

• Айгерім Асылова

Нью-Йорк қаласына сапары барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамппен сөйлесті. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі.

Ақорданың мәліметінше, әңгіме барысында Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективті бағыттарына ерекше назар аударылған.

Дональд Трамп экономика және сауда салаларындағы ықпалдастықты кеңейтудің маңызды екенін атап өтті.

Сондай-ақ президенттер халықаралық ахуалға қатысты өзекті мәселелерді талқылаған.

Еске салсақ, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Amazon компаниясының аға вице-президенті Дэвид Запольскимен кездескен еді.

Айгерім Асылова
Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →