KZNEWS.KZ
Саясат

Тоқаев Моңғолия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

• Айгерім Асылова
Фото: Ақорда

Президент Ухнаагийн Хурэлсухты Наадам ұлттық мерекесімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Ухнаагийн Хурэлсухты Наадам ұлттық мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды kznews.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Моңғолияның Ухнаагийн Хурэлсухтың басшылығымен қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, екі елдің достық қатынастары мен сан қырлы ынтымақтастығы беки түсетініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия президентінің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас моңғол халқына бақ-береке тіледі.

Айгерім Асылова
Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →