KZNEWS.KZ
Саясат

Тоқаев Ирак президентіне жеделхат жолдады

• Жарқын Омаров
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Ирак Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды kznews.kz.

Ақорданың хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Низар Амидиді Ирак Республикасының Президенті болып сайлануымен құттықтады.

Қазақстан Президенті Ирак мемлекеті мен халқының жарқын келешегін қамтамасыз етуге бағытталған Низар Амидидің бастамаларына сәттілік тіледі.

Сондай-ақ екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен өзара қолдау рухындағы ынтымақтастықтың одан әрі дами түсетініне сенім білдірді.

Жарқын Омаров
C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салал...
Автордың басқа материалдары →