Құрылтай депутаттары Ерлан Қариннің кандидатурасын қолдап, оны Қазақстанның вице-президенті лауазымына сайлады.
Ерлан Қариннің кандидатурасын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған болатын. Дауыс беру қорытындысында 141 депутат оның кандидатурасына қолдау білдірді.
Осылайша Ерлан Қарин Қазақстанның жаңарған саяси жүйесіндегі маңызды мемлекеттік лауазымдардың бірін атқаратын болды.