НҰР-СҰЛТАН, 12 тамыз – Sputnik. Қазақстанның президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар сенаторды қайта тағайындау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.
Құжатқа сәйкес, Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева және Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед сенатор қызметіне қайта тағайындалды.