Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел заңнамасының бірнеше бағытын қамтитын заңдарға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады kznews.kz.
Мемлекет басшысы жануарлар дүниесі, орман және аңшылық шаруашылығы, сондай-ақ кәсіпкерлік мәселелеріне қатысты өзгерістер мен толықтырулар енгізетін заңды бекітті.
Сонымен қатар Президент Қылмыстық кодекс пен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске түзетулер енгізу туралы заңға қол қойды.
Бұдан бөлек, телекоммуникациялар нарығын және деректерді өңдеу орталықтарын дамытуға бағытталған заңнамалық өзгерістер де мақұлданды.
Ақорда мәліметінше, қол қойылған заңдардың толық мәтіні ресми баспасөзде жарияланады.