2026 жылғы білім грантын иеленгендердің тізімі жарияланды (ТІЗІМ)
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Тоқаев Бекболат Тілеуханды мерейтойымен құттықтап, шығармашылық табыс тіледі

Тоқаев Бекболат Тілеуханды мерейтойымен құттықтап, шығармашылық табыс тіледі
Бекболат Тілеухан. Фото: instagram/bekbolat.tleukhan

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өнер және қоғам қайраткері Бекболат Тілеуханды мерейтойымен құттықтады. Бұл туралы Бекболат Тілеухан өзінің Facebook парақшасында хабарлады, деп жазады kznews.kz.

Мемлекет басшысы құттықтау хатында өнер иесінің қазақ мәдениеті мен қоғамдық өмірге қосқан үлесін атап өткен.

Президент Бекболат Тілеуханның дәстүрлі халық әндері мен белгілі композиторлардың шығармаларын орындауда өзіндік қолтаңбасы қалыптасқанын жеткізді. Сондай-ақ оның ұлттық тарих пен руханиятты дәріптеуге бағытталған шығармашылығына жоғары баға берген.

Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтауында:

"Әсіресе, ұлтымыздың тарихи жадын жаңғыртқан жыр-толғауларды жаңаша мәнерде шырқап, талғампаз көрерменнің ыстық ықыласына ие болдыңыз", – деп жазған.

Мемлекет басшысы Бекболат Тілеуханның алдағы уақытта да ұлттық руханиятты насихаттап, халықтың құрметіне бөлене беруіне тілектестік білдірді. Сонымен қатар оған зор денсаулық, амандық және шығармашылық табыс тіледі.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер