Президент Қасым-Жомарт Тоқаев банктерге қатысты заңға қол қойды, деп хабарлайды kznews.kz.
Ресми мәліметке сәйкес, Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын бекітті.
Сонымен қатар Президент қаржы нарығын реттеу мен дамыту, байланыс және банкроттық мәселелері бойынша бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін Қазақстан Республикасының Заңына да қол қойды.