KZNews.kz
Саясат

Тоқаев АҚШ-қа жұмыс сапарымен барады

Торғын Абушахман
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 18-19 ақпан күндері АҚШ-қа жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды kznews.kz.

Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамптың шақыруымен Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысына қатысу үшін Вашингтонға жұмыс сапарымен барады.

“Саммит барысында Газа секторындағы ахуалды тұрақтандыру мәселесіне баса мән беріледі. Атап айтқанда, бейбітшілік орнату, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және гуманитарлық көмек жеткізу бойынша нақты шаралар әзірлеуге ден қойылады”, – делінген хабарламада. 

Қырғызстандағы жағдай: Тоқаев Жапаровтың ел бірлігін сақтауға бағытталған шешімдерін қолдады

Путин мамыр айында Тоқаевтың шақыртуымен Қазақстанға келеді

Сонымен қатар сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев америкалық ірі компаниялардың жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізеді.

Торғын Абушахман
Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →