KZNews.kz
Саясат

Тоқаев Алжир Республикасын тәуелсіздік күнімен құттықтады

Torgyn Abushakhman

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алжир Республикасын тәуелсіздік күнімен құттықтады. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ақоданың мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев Алжир президенті Әбделмәжид Теббунға жеделхат жолдады. 

“Президент Алжир мемлекетінің өсіп-өркендей беруіне тілектес екенін жеткізді. Сондай-ақ Қазақстан мен Алжир арасындағы дәстүрлі достық пен өзара түсіністікке негізделген серіктестік екі ел халықтарының игілігі үшін одан әрі нығая беретініне сенім білдірді”, – делінген хабарламада. 

Тоқаев бұған дейін Дональд Трампты тәуелсіздік күнімен құттықтап, жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тілеген еді. 

Torgyn Abushakhman
Автордың басқа материалдары